• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2018

Талғат Күзембаев, қайраткер: Жан-жақты жас ұр­пақ – болаша­ғымыздың кепілі

994 рет
көрсетілді

Жалпы, Елбасы жыл сайынғы жолдауларында, көп­шілікпен кездесулерде де, әсіресе жастар­мен жүз­десу­лерінде білімге қатысты кесекті ойларымен бөлісіп, білімнің маңызын жас­тарға әрдайым қадап айтады. 

Биылғы кезекті Жол­дауын­­­да да осы мәселе ерекше кө­ңіл бөлді. «Адами капитал – жаң­ғыру негізі» деп атала­тын же­тін­ші  бағытта жас ұрпақ­қа білім берудің жаңа сапасы тура­лы, яки оның мазмұнын зама­на талабына сай құруға қатысты келелі әңгіме қозғап, оны жүзеге асырудың нақты жол­дарын көрсетті. Әсіресе, Елба­сы­ның «білім беру саласын эко­но­миканың жеке саласы ретін­де дамыту керек» деген ойы аса маңызды. 

ЖаҺандану дәуірі жинақы­лықты, ұқыптылықты, нақты­лықты талап етеді. Прези­денттің «өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамның идеалына айналуға тиіс» деген сөзі білім­ді ұрпақтың бойынан табылар басты қасиеттер болуы керек. Қай салада болсын білімді жас өзгелерден оқ бойы озық тұра­ды. Елдің ертеңі, жас ұр­пақ жан-жақты, бәсекеге қабі­летті, білімді болса, ол – болаша­ғымыздың кепілі деген сөз.

Жалпы, Президент бастамасымен қолға алынған кез келген мемлекеттік бағдар­ла­ма­ның басты мақсат елімізді жаңа сатыға көтеру, инновациялық мүмкін­діктерді пайдалану ар­қы­лы халықтың тұрмыс­тық-әлеуметтік жағдайын жақ­сарту  екені белгілі. «Қазақстан – 2050» стра­те­гиясында көрсетілген­дей, саяси-экономикалық әлеуе­тімізді реттеу арқылы мем­лекеті­міз­ді дамыған 30 елдің қата­рына кіргізу, оған қоса, мәдениетіміз бен руханиятымызды жетілдіруді басты назарда ұстау керек.

Биылғы Жолдаудың да міндет-мақсаты осыған сая­ды. Мұнда саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқа­сында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға бағытталған 10 ба­сымдық көрсетілген. Мемлекет басшысы алға қой­ған мақсаттарды «бір жаға­дан бас, бір жеңнен қол» шығарып, бір­лесе жүзеге асырар болсақ, мем­ле­кетіміздің алар белесі мол болмақ. 

Талғат КҮЗЕМБАЕВ,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері